ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Үрімшіде болашақ түлектер қазақстандық компаниялардың өкілдерімен кездесті

БЕЙЖІҢ. 27 Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының Үрімші қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қазақстандық студенттер «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ және «ENRC» секілді Қазақстанның ірі компанияларының өкілдерімен кездесті.Шара «Қаз Юнион» жастар бірлестігінің жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қазақстандық компаниялардың кадрлық саясатының ерекшеліктері талқыланды. Атап айтқанда, жас кадрларды іріктеуде кімге басымдық берілетіні жөнінде, компания тарапынан жасалатын жағдайлар талқыға салынды.

Жоба шеңберінде қазақстандық компаниялардың өкілдері Қытайдағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ студенттер үшін өзекті болып табылатын сұрақтарға жауап берді.

Аталмыш шараны Үрімші қаласындағы ҚР СІМ құжаттық-визалық қызметі және «Қаз Юнион» жастар ұйымы ұйымдастырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе