Бизнес балабақша мәселесіне назар аударуы тиіс-Елбасы

АСТАНА. Қарашаның 13/Жасұлан Аманбайұлы/ - Елдің балабақшаларға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін 800 балабақша керек. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналар арқылы тікелей желіде халықтың сауалдарына жауап қайыру кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,деп .

 «Біздің елде балалардың мектепке дейінгі мекмелермен тек 36,5 пайызы қамтылған. Балабақшаларға деген сұраныстың артуы елдің демографиялық ахуалы үшін қуанышты. Мемлекеттің тарапынан бір балаға, екінші балаға, үшінші және төртінші туған балаға берілетін әлеуметтік көмектің әсер ете бастағандығын көрсетеді. Бұл оң өзгеріс, бұл мені қатты қуантуда», дейді Елбасы Н. Назарбаев.

Биыл мемлекеттің және жергілікті әкімдіктердің бюджеті үлесінен бөлінген қаржыға 20-ға тарта балабақша салынып бітеді. 2012 жылға дейін 170-ке жуығы тапсырылады деп күтілуде. Бұл 47 мың баланы қамти алады. «Елдің барлық сұранысын қамтамасыз ету үшін республика бойынша шамамен 800 балабақша салуымыз керек», деп атап көрсетті.

«Осы мәселе бойынша жұмысты тоқтатпаймыз. Мүмкін біз алдағы бір жылдың, мүмкін келесі жылға «Жол картасы» бағдарламасына бөлінген қаржының жартысын балабақшалардың құрылысына бағыттайтын боламыз. Үлескерлердің проблемаларын шешуге мемлекет үлкен қаражат бөлді. Мүмкін сол тұрғын үйлерге кеткен ақшаның өтеуі ретінде бірінші қабаттарын мемлекет иелігіне өткізіп, ол жерлерде балабақша орындарын ашамыз», деді Н.Назарбаев.

 Н. Назарбаевтың айтуынша, Кеңес үкіметі құлағаннан кейін, балабақшалар жеке меншік қолға өтті де олардың саны артудың орнына тым азайып кеткен. «Балабақша мәселесін бизнес атқаруы тиіс. Ата-аналар өз балаларын балабақшаға орналастыру үшін ақша төлейді. Бұл бизнес болуы шарт. Біздің кәсіпкерлер осындай жоғары сұранысты көре тұра, бұған назар аудармауы мен үшін түсінікті емес. Осы нарықты бизнес толтыру қажет», деді мемлекет басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе