Астанада «Шаттық-2017» шығармашылық байқауы өтеді

2017 жылғы 13 ақпанда Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2017» XI ашық шығармашылық қалалық байқауының ашылу салтанаты өтеді. Биылғы жылы байқау 13 - 16 ақпан аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық байқау мемлекетіміздің білім беру және мәдени әлеуеті кең ағартушылық келешегінің көмегімен жан-жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және дамытуға бағытталған.

Елорданың дарынды жастары 2 жас ерекшелігі: 10-15 жас және 16-20 жас аралығында, сонымен қатар 8 жанр бойынша 15 номинация (жеке аспапта орындаушы/ ан-самбльдік аспапта орындау; классика, халық аспаптары/ хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі) бойынша сайысқа түсетін болады.

Бес күн бойы қаланың әр түрлі алаңдарында (М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, Астана қ. әкімдігінің оқушылар сарайы, №1 өнер мектебі, №2 өнер мектебі, № 2 балалар музыка мектебі, №3 балалар музыка мектебі, балалар көркем мектебі, №4МГ, №7МГ, №31МГ, Политехникалық колледж) шығармашылық сайыстар өтеді.

2017 жылдың 1 наурыз күні балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2017» ХІ ашық шығармашылық қалалық байқауының Гала-концерті және мерейтойлы алтын мүсіншелермен марапаттау рәсімі Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе