Коучинг индустриясының кірісі 2011 жылы әлем бойынша 2 млн. долларды құрады - Ирина Соколова

АЛМАТЫ. 9 Коучингке бұрынғы кеңестік республикаларда әлі үкіметтік деңгейде мән беріліп жатқан жоқ.Бұл пікірін Алматыда өтіп жатқан Қазақстандағы Бірінші халықаралық коучинг апталығы барысында Халықаралық коучинг қауымдастығының мүшесі  Ирина Соколова.

«Коучингтің мәні -  мақсатқа қарай қозғалысты білдіреді. Коучинг индустриясы әр елде әртүрлі дамуда. Мәселен, кейбір елдерде оған ширек ғасырдан астам уақыт өтсе,  ендір бір мемлекетте ол енді ғана тарала бастады. Қазақстан осы соңғы топтың қатарында. Қазір елімізде коучинг басқарушылардың жоғары тобындағыларға арналған, сондай-ақ командалық  және жеке бағыттық түрлері жақсы дамыған. Жақында Канададан келдім, онда коучингтің негізгі 3 бағыты кең тараған. Олар -  Үкімет,  ірі бизнес және жеке немесе  лайф коучинг», - дейді кәсіби коуч Ирина Соколова.

Оның айтуынша, бүгін коучинг индустриясының кірісі 2010 жылы 1 миллион долларды құраған еді. «Price Water House Coopers» әлемдегі ең ірі компаниялар халықаралық желісінің мәліметтеріне қарағанда, былтыр ол 2 миллион долларға  дейін өсті. Онда  Қазақстанның үлесі қанша екені белгісіз. Қазақстаннның коучинг нарығының көлемі туралы қандай да бір санды айту өте қиын. Ондай мәлімет тек арнайы компанияларда ғана болады. Өйткені әдетте  коуч қызметін пайдаланатын бизнес құрылымдары құпия ұстайды.

«Қазақстанда қазір кәсіби коуч қызметін пайдаланатын белгілі бір тұлғалар бар. Жария етілмейтін ақпарат болғандықтан нақты кімдер екенін мен айта алмаймын. Өйткені бұл коучингтің басты қағидаларының бірі болып саналады. Ғаламтордың іздеу қызметін қолдансаңыз өз коучы бар  халықаралық компаниялардың басшыларының есімдерін өте сирек кездестіресіз», - дейді И. Соколова.

Әлемде 1999 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан халықаралық коучинг апталығы  биыл тұңғыш рет қосылған  Қазақстандағы жобасының үйлестірушілерінің бірі болып табылатын Иринаның сөзіне қарағанда, коучинг Канада, Норвегия мен Швецияда үкіметтік деңгейде енгізілген. Онда коучингтің мәдениеті, әдісі, стратегиясы және әлеуметтік қарым-қатынастағы міндеттерді шешуде ел тұрғындары мен үкіметтің  оған деген қатынасы өзгелерден бөлек.

Анықтама: Коучинг (ағылш. coaching - үйрету, жаттығулар) - консультациялар мен тренингтер әдісі. Коуч нақты кеңестер мен қатаң ұсынымдар бермейді, ол клиентпен шешімді бірлесе іздейді және осынысымен классикалық тренингтер мен консультациялардан ерекшеленеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе