Астанадағы Аграрлық университет ғылыми-зерттеу дәрежесін алуға ниетті

АСТАНА. 7   - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғылыми-зерттеу дәрежесін алуды көздеп отыр.Университет ректоры Ақылбек Күрішбаевтың төрағалық етуімен ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі - университеттің ғылыми құрамдас бөлігін арттыру. Себебі ЖОО алдағы уақытта ғылыми-зерттеу дәрежесін алуға ниетті. Университеттің 2010-2011 оқу жылындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы есепті Басқарма төрағасының ғылым, халықаралық байланыстар және инвестиция жөніндегі орынбасары Лаура Садықова ұсынды.

Л.Садықова университеттің жалпы табысындағы ғылымның үлесін анықтап көрсетті. Оның атап өтуінше, агрономия, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеттері ЖОО бойынша қаржыландырылатын ғылыми жобалармен белсенді айналысады. Бұл факультеттерде, сондай-ақ ғылыми әлеуеттер мен студенттерді ғылыми жұмыстарға тарту қарқыны жоғары. Ғылыми-зерттеу жұмыстар аз жүргізілетін факультеттер тиісінше, сынға алынып, бұл бағыттағы жұмыстарға жауапкершілік декандарға жүктелді. Талқылау нәтижесінде Ғылыми кеңес мүшелері университеттің 2011-2015 жылдарға арналған Даму жоспарына өзгерістер енгізу, ғылым департаментін құру, ғылыми журналдарды халықаралық рейтинг талаптарына сәйкестендіру және өзге де шешімдерді қабылдады. Сондай-ақ кеңес барысында ғылыми кітапхананың өткен оқу жылындағы жұмысының, сондай-ақ кітапхананың кітап қорына жүргізілген тексерістің қорытындылары қаралды. Аталған мәселе бойынша, кітап қорын толықтыру, электронды ақпарат базасын құру, кітапхананың барлық бөлімшелерін интернетке қосу шешілді.

Сонымен бірге кеңес барысында баспаға ұсынылатын университет ғалымдарының оқулықтары мен оқу құралдары анықталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе