Батыс Қазақстанда биыл 5 мыңнан астам түлек мектеп бітірмек

– Батыс Қазақстан облысында биыл 5142 түлек мектеп бітірмек, деп тілшісі.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 4366-сы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді. Түлектер маусым айында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ тапсырады. Оған өтініштер 15 сәуірден бастап мамырдың 10-ына дейін онлайн түрде қабылданды. ҰБТ облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталықтарында және Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтеді. Шараны айқын әрі әділ өткізу үшін барлық жерде металл іздегіштер, ұялы телефондардың сигналдарын тұншықтыру және бейнебақылау қондырғылары қолданылады. Биыл облыста 371 түлек «Алтын белгіден», 589 жас үздік аттестаттан үміткер. «Мектеп бітірушілер биыл карантиндік шектеу шараларына байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Сол себепті аттестатқа жылдық қорытынды баға түспек. «Алтын белгі» иегерлері де жылдық қорытынды баға негізінде нақтыланады», деп хабарлады облыстық басқарманың баспасөз қызметі. Сонымен, биыл 5142 түлекке аттестат табыс етілсе, 9-сыныпты 8516 шәкірт бітіреді. Еске сала кетейік, биыл облыста жаңадан бірнеше мектеп пайдалануға беріледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе