Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да студенттерге арналған алғашқы кинотеатр ашылады

АСТАНА. 16 19 наурыз күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Бәрі де студенттер үшін» бағдарламасы аясындажас мамандар мен студент-жастарға арналып салынатын жаңа тұрғын үйдің алғашқы қазығын қағу және студенттерге арналған Қазақстандағы тұңғыш кинотеатрдың салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлады аталған білім ордасының баспасөз орталығынан.

«Студенттік кинотеатр» жобасының басты мақсаты тарихымызға алтын әріппен жазылып қалған отандық классикалық кинотуындылармен қатар, қазіргі білім-ғылым мен мәдениетті кеңінен насихаттайтын қазақстандық және шетелдік фильмдерді тамаша техникалық сапада көрсету арқылы жастардың дүниетанымын кеңейту. Осыған орай, «Қазақфильм» мен жоғары оқу орны арасында меморандумға қол қойылмақ», - делінген хабарламада.

«Студенттік кинотеатр» жобасы арқылы университет студенттерінің мәдени демалысы анағұрлым жемісті болады. Мұнда жұмсақ орындықтар, тамаша экран, қуатты акустика, салқындату жүйесі қарастырылған. Осы арқылы университеттің елордалық және еліміздегі жетекші оқу орны ретіндегі имиджі арта түспек.

Кинотеатрдың ашылу салтанатына белгілі кинорежиссер Рүстем Әбдірашев,  актерлар Нұржұман Ықтымбаев, Алмагүл Әлішева және Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен елшілік өкілдері қатысады.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен ашылған жоғары оқу орны ретінде студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың жан-жақты тәрбиелі азамат болып қалыптасуына, ұлтымыздың патриот ұл-қыздары болып өсуіне етене көңіл бөліп келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе