БҚО-да биыл бес бірдей жаңа мектепті салып бітіру көзделіп отыр

Батыс Қазақстан облысында биыл биыл бес бірдей жаңа мектепті салып бітіру көзделіп отыр.Облыстық құрылыс басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, биыл білім нысандары құрылысына республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге қаралған. Соның ішінде Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылында салынып жатқан 100 орындық интернатымен 600 орындық мектеп құрылысына (сметалық құны - 1,1 млрд. теңге, бас мердігері «ТасқалаТрансГаз» ЖШС) биыл 517,8 млн. теңге қарастырылса, бірінші тоқсанда соның 300 млн. теңгесі игерілген.  Өткен жылы бұл нысанға 392 млн. теңге жұмсалған болатын. Жаңа мектепті 2015 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған. Орал қаласындағы Зачаган кентінде «Альтаир» ЖШС 1200 орындық мектепті де (сметалық құны - 1,7 млрд. теңге) осы мерзімге бітірмекші. Мұнда өткен жылы 460,4 млн. теңге игерілсе, биыл бөлінген 884,2 млн. теңгенің 350,0 млн. теңгесі жұмсалған.

Бұдан басқа Ұлттық қор есебінен Шыңғырлау ауданы орталығы Шыңғырлау ауылында алдағы жазда 290 орындық балабақша құрылысы басталмақшы, бұған биылғы жылға 200 млн. теңге қарастырылған.

Өңірде апатты мектептерді жою мақсатында үш білім нысаны жергілікті бюджет есебінен биыл мамырда пайдалануға берілмекші. Атап айтқанда, Жаңақала ауданы Сарыкөл ауылында 108 орындық мектеп құрылысына (құны - 251,1 млн. теңге, бас мердігері «Beta services» ЖШС) өткен жылы 108 млн. теңге кетсе, биыл 135,7 млн. теңге (соның 40 млн. теңгесі игерілген) бөлінді. Осы ауданның Жуалыой елді мекенінде дәл осындай мектепті (252,6 млн. теңге) «СК Алаш» ЖШС тұрғызуда. Мұнда өткен жылы 108 млн. теңге игерілсе, биыл 109,7 млн. теңге (40 млн. теңгесі игерілді) жұмсалмақшы. Теректі ауданы Юбилейный ауылында тағы бір 108 орындық мектеп (231,0 млн. теңге, бас мердігері «Марасант»» ЖШС) құрылысына өткен жылы 108 млн. теңге берілсе, биыл 108,1 млн. теңге (30 млн. теңгесі игерілді) қаралған.

Осыларға қоса Орал қаласында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын (165,4 млн. теңге) «Жайықауылқұрылысы» ЖШС іске қоспақшы. Мұнда биылға қарастырылған 138,4 млн. теңгенің 50 млн. теңгесі қазірдің өзінде игерілді. Облыс орталығында сондай-ақ «Отделстрой» ЖШС 70,5 млн. теңгеге (20 млн. теңгесі игерілген) спорт, акт залы және ресурстық орталығы қосымша құрылысымен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ғимаратын қайта жаңғыртып бермек.

Айта кетейік, Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылы орталығында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы қаржысына 290 орындық балабақша құрылысы (542,2 млн. теңге) жалғасуда, бұл нысан биылғы тамызда аяқталмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе