Батыс Қазақстанда соңғы үш жылда тоғыз мектеп салынды

Батыс Қазақстан облысында 2013-2015 жылдары тоғыз мектеп салынды.БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның төртеуі апатты ғимараттардың орнына тұрғызылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесі толықтай шешілді. Мектептердің қазіргі заманғы физика, химия, биология, сондай-ақ мультимедиялық-лингафонды кабинеттермен қамтылуы орта есеппен 10 пайызға жақсарды. Осындай жағдайдың жасалуы нәтижесінде өткен жылы жоғары білім деңгейіне қол жеткізілді. Мысалы, 2015 жылы мектеп түлектерінің 68,02 пайызы немесе 3116 шәкірт ҰБТ тапсырып, орташа 83,6 балл жинады. Бұл - республика облыстары бойынша озық көрсеткіш. Сол секілді 3-6 жастағы балдырғандардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы республика бойынша 81,6 пайыз болса, бұл Батыс Қазақстанда 97,9 пайызға жетті. Бұл бүлдіршіндердің бірінші сыныпқа дайындық деңгейін жақсартып, жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында тез бейімделуіне игі ықпалын тигізуде. Облыста орта техникалық білім беруге де ерекше көңіл бөлінуде. 14 техникалық және кәсіби білім беру ұйымында 17 мамандық бойынша дуальды оқыту әдістері қолданылуда. Дуальдық оқытуды қолдану жөнінде 51 кәсіпорынмен келісім жасалып, колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе