Павлодарлық оқушылар - «2012 жылдың ғылыми жобалары республикалық байқауының үздік тобы»

ПАВЛОДАР. 25 Павлодар қаласының оқушылары 24 ақпан күні Алматыда аяқталған байқауда бірінші жалпыкомандалық орын алып, «2012 жылдың ғылыми жобалары республикалық байқауының үздік тобы» сертификатымен марапатталды, деп хабарлайды білім беру басқармасынан.Қазақстанның барлық аймақтарының жас зерттеушілері «Қазақстан-2030» стратегиясы тұрғысында Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының үлгілері» тақырыбында 500-ден астам жұмыстарын ұсынды.

Ғылыми жобаға облыстың 14 мектебінен келген 32 автор қатысты. Павлодарлықтар 15 пәндік секциялардың 11-інде жүлделі орындарға ие болды.

Павлодар мен Екібастұздан ғылыми жобалардың тоғыз авторы байқаудың құрмет грамоталарымен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе