ҚазҰАУ-да ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар бойынша республикалық пәндік олимпиада өтеді

АЛМАТЫ. 4 сәАлматыдағы Қазақ ұлттық университетінде 5-6 сәуір күндері республикалық пәндік олимпиада ойындары өтеді.Онда студенттер  - ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, агрономия, топырақтану және агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, орман ресурстары және ормантану, кадастр, жерге орналастыру, аңшылықтану және аң шаруашылығы, аграрлық техника және технология мамандықтары бойынша өзара сайысқа  түсетін болады. Оған ҚазҰАУ (Алматы), С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (Астана), Жәңірхан атындағы БКАТУ (Орал), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент), Шәкірім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унверситетінен үміткерлер  қатысқалы отыр. Олимпиадада бақ сынайтын әр команда 2-3 студент пен жетекші-оқытушылардан құралмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе