Әйелдер Қазақстанның зияткерлік болашағын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады - Білім министрі

– ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп .

«Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді көктемнің ең жарқын мейрамы - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Нәзік жандылар саналы түрде таңдап алатын кәсіптерінің қатарында мұғалім, ғалым, тәрбиеші мамандықтары ерекше құрметті орында. Білім беру саласының барлық деңгейлерінде – мектепке дейінгі, орта, қосымша, кәсіптік және техникалық, жоғары білім беру, ғылым салаларында – еңбек етіп келе жатқан әйелдер Қазақстанның зияткерлік болашағын қалыптастыру барысында үлкен рөл атқарады», - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның атап өтуінше, мектепке дейінгі білім беру саласында 94 201 әйел, орта білім беру саласында - 280 955 әйел, техникалық және кәсіптік білім беру саласында - 27 850 әйел, жоғары білім беру саласында - 24 611 әйел, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғылым саласында қызмет атқаратын 9 217 зерттеуші-ғалым әйел бар. «Академик те, ұстаз да болып, білім және ғылым саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан әріптестерімізге алғысым шексіз! Қымбатты әйелдер, осы көктем мерекесінде Сіздерге бақыт, денсаулық және сәттілік тілеймін! Аспанымыз ашық болып, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрсын!», - деді Асхат Аймағамбетов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе