БҚО жоғары оқу орнында ең сұлу ару таңдалды

ОРАЛ. 16 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Университет аруы - 2013» байқауы мәреге жетті.Сайыс таныстыру, өнер көрсету, сұрақ-жауап, сахнада жүру мәдениеті, сән үлгісін көрсету сынды кезеңдерден тұрды.

Байқау қорытындысында бас жүлдені политехникалық факультеттің ІІ курс студенті Әйгерім Ғарипуллина жеңіп алды. Экономика және бизнес факультетінің І курс студенті Әсем Дәулеткереева - бірінші, ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің намысын қорғаған Самал Құсайынова екінші орынды еншіледі. Қалған арулар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

Шара барысында «Құлсары» тобы, «Жас қанат» республикалық байқауына қатысқан Бақытжан Орақаев және университет әншілері өнер көрсетіп, кеш шырайын аша түсті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе