Елбасы білім беру және денсаулық сақтау нысандарындағы құрылыстарда ысырапқа тосқауыл қоюды тапсырды

АСТАНА. 23  Бүгін Ақордада 2012 жылдың қорытындылары мен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттері бойынша өткен Үкімет отырысында  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру және денсаулық сақтау нысандарындағы құрылыстарда ысырапқа тосқауыл қоюды тапсырды.«Мектептер мен бала бақшалар алып сарайлар секілді салынады. Мәселен, Өскемендегі балабақша сарай іспеттес»,-деп атап өтті Елбасы.

Осы  орайда Президент әлемде бала бақшалар 2-3 пәтерді біріктіріп, балаларға лайықталып жабдықталатынын ескеріп өтті. Ал елімізде бала бақшалар асыра жабдықталатынын жеткізді.

«Бізге балаларды қарап, оқытатын қарапайым ғимараттар керек. Елімізде балалар білім алатын мектептер қажет. Ондағы зәулім күмбездер керек емес. Осының есебінен қаржы үнемдеп, қаншама мектептер салуға болар еді»,-деп қадап айтты Н. Назарбаев.

Елбасы осы тектес кемшіліктер мәдениет, білім, денсаулық сақтау саласындағы құрылыстарда орын алғандығын сынға алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе