Еліміздің ЖОО-лары аккредитациялық агенттіктер тарабынан өз қызметіне объективті баға алуға мүдделі - М.Орынханов

АСТАНА. 31 Қазақстанның жоғары оқу орындары аккредитациялық агенттіктер тарабынан өз қызметі үшін объективті баға алуға мүдделі.Бұл пікірді бүгін елордада өткен Республикалық аккредиттеу кеңесінің бірінші отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов білдірді.

«Біз бүгін білім беру саласындағы маңызды оқиғаға куә болдық. Жоғары оқу орындарды тәуелсіз аккредитациялау жүйесінде алғашқы қадам жасалды. Осыдан кейін тек қана ұлттық емес, сонымен қатар халықаралық заңнама талаптарына сай келетін аккредитациялық агенттіктер қазақстандық жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз етуге зор үлес қосатын болады», - деді ол.

Осы орайда вице-министр Жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық тізілім агенттігінің Қазақстан аумағындағы қызмет аясының және құрамының кеңеюі маңызды болып табылатындығын баса айтты.

«Қазақстандық ЖОО-лар танымал аккредитациялық агенттіктер тарабынан өз қызметтеріне объективті баға алуға мүүделілік танытады деп ойлаймын», - деді М.Орынханов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе