ҚР ҚК ӘТК зымыран-артиллериялық корабльдерінің экипаждары оқу-жаттығу өткізуде

Оқу жылы басталысымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында тиісті тапсырмаларды орындауда әрбір корабльді дайындау бағдарламасының құрамды бөлігі болып табылатын курстық тапсырмаларды тапсыру үдерісі жүріп жатыр.ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жыл бойынша барлық экипаждар базада корабльдің тұрақтауы кезіндегі жауынгерлік және күнделікті ұйымдастырылу элементтерін сәтті пысықтады. Қазіргі уақытта «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы К-2 курстық тапсырманың элементтерін пысықтауда. Бұл дегеніміз - корабльдің жүзуі және жеке дара корабльмен жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу.

Бүгінде «Қазақстан» кораблі жоспарға сәйкес 3 шақырымға дейінгі қашықтыққа  артиллериялық оқ атуларды өткізуге дайын. Шартты қарсыласты бұл мақсаттар үшін арнайы арналған сүйретілетін нысана қалқаны елестетеді.  Сонымен қатар алдағы күндер ішінде ауа райы жағдайына қарай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің өзге де корабльдері К-2 тапсырмасын орындай отырып, елестетілген әуе және суүсті нысана бойынша зениттік зымырандармен оқ атуды жүзеге асырады.

Қазіргі таңда Каспий теңізінің қазақстандық секторында жауынгерлік кезекшілік атқарып жүрген «Сарыарқа» кораблі де қатарласып жаттығуларды пысықтауда.

Зымыран-артиллериялық корабльде курстық тапсырмалардың қазіргі кездегі пысықталуы мен тапсырылуы сапасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов тексерді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе