ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер студенттері арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» анықталды

Бүгін Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бейжіңдік ЖОО-ларының 12 студенті «XXI ғасыр көшбасшысы»  зияткерлік байқау-ойынында сынға түсті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.Шараны 2016-2017 жж. Ұйымға Қазақстанның төрағалығы кезеңіне арналған бірлескен жоспарға сәйкес ШЫҰ Хатшылығы мен ҚХР-дағы ҚР Елшілігі ұйымдастырды.  Ұйымдастырушылардың басты мақсаты жастарды ШЫҰ қызметімен, елдер ынтымақтастығының негізгі міндеттері мен бағыттарымен таныстыру және студенттердің халықаралық ұйым жұмысына, өңірлік интеграция мәселелеріне қызығушылығын арттыру. Байқау үш турдан тұрады, олардың бірінші, екіншісі туры - іріктеу, «Бәйге» және «Блиц-сауалнама».  

 «Көкпар» финалдық турына үш қатысушы шықты, оларға күрделі сұрақтар қойылды. Құрметті әділқазы ретінде Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев пен ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Әлімов қатысты.

Байқау жеңімпазы Қытай орталық ұлттар университетінің 3-курс магистранты Тимур Самеденов, екінші орын Халықаралық бизнес және экономика университетінің 1-ші курс студенті Дана Өтегенова, 3-орын - Бейжің шет тілдері университетінің 1-ші курс магистранты Пу Юйчжо.  Жеңімпаздарға бағалы сыйлық табыс етілді. Барлық қатысушылар дипломдар, ШЫҰ логотипімен  белгі алды. Ш. Нұрышев финалға шыққандарды  құттықтап, осындай шараларды өткізу маңыздылығын атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе