Түрікменстанмен шектесетін Болашақ стансасында алғашқы мектеп ашылды

АҚТАУ. 9 Түрікменстанмен шектесетін Болашақ теміржол стансасында алғашқы білім беру нысаны - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қолдауымен салынған 80 орындық №10 орта жалпы білім беретін мектеп ашылды. Жаңа мектептің он сегіз бірінші сынып оқушысына теміржолшылар қажетті кеңсе құрал-жабдықтарымен бірге мектеп сөмкелерін сыйлады.Мектептің ашылу салтанатына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - «Маңғыстау жол бөлімшесі» филиалының директоры Сергей Қабдешов, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Зейнеп Тастемірова, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Қыдырберді Беков, Болашақ теміржол стансасының жұмысшылары және елді мекеннің тұрғындары қатысты.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының негізгі қызметінен басқа, біз мамандарды сақтау, тұрғын үй мәселелерін шешу және теміржолшылардың отбасыларына қолдау көрсету сияқты басым бағыттарда жұмыс істейміз. Соған байланысты, Болашақ стансасында 85 екіпәтерлі үй, 18 адамға жоспарланған 17 вахталық үй пайдалануға берілді. Қазір бұл нысандарға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған заманауи мектептер қосылды. Екі қабатты ғимаратта 9 оқу бөлмесі, асхана, спортзал, 2 еңбек бөлмесі бар. Олардың бірінде қыздарға арналған 12 тігін машинасы, екіншісінде ұл балаларға арналған 4 станок орнатылған. Биология, химия бойынша тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған бөлмелер, компьютерлік сыныптар бар», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - «Маңғыстау жол бөлімшесі» филиалының директоры Сергей Қабдешов және мектеп директорына жаңа ғимараттың символды кілтін тапсырды.

Зейнеп Тастемірова балаларға өз елінде керекті және пайдалы болу үшін мектепте жақсы білім алуларына тілек білдіріп, мектеп кітапханасына кітаптарды тапсырды.

«Мектепке қажетті жабдықтар, оқулықтар және парталар сатып алынды. Қазіргі сәтте мектебімізде 18 мұғалім жұмыс істейді. Тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, химия, математика пәнінің оқытушылары жетіспейді. Мұғалімдеріміздің көпшілігі - теміржолшылардың әйелдері және отбасы мүшелері. Мектепке кіші қызметкерлер де стансы жұмысшыларының отбасынан алынатын болады», - деп атап өтті Болашақ ауылдық аймағы № 10 орта мектебінің директоры Тілеубай Тағаниязов.

Жаңа мектептің ашылу салтанатынан кейін Қарақия аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері, аудан және Болашақ ауылының шығармашылық ұжымы қатысқан концерт өтті. Концерт барысында Болашақ стансасы әнұранының тұсаукесері өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе