Басшылық ететін әйелдердің жауапкершілігі мол болады - Н. Назарбаев

АСТАНА. 1 Басшылық ететін әйелдердің жауапкершілігі мол болады. Бұл жайында бүгін Елбасы  Астанадағы Назарбаев Университеті студенттерімен кездесуі кезінде айтты.

8 наурыз жақсы мереке екеніне тоқталған Президент, осы атаулы күнде ана мен әжелерді міндетті түрде құттықтау керектігін жеткізді. «Адамзаттың жартысын әйелдер құрайды. Қазақстанда нәзік жандылардың үлесі 51 пайызға жетіп отыр. Менің өмір тәжірибем бойынша басшы, министр болған әйелдердің әрқашан жауапкершілігі мол, әрі әділ болып келеді. Бұл тұрғыда ерлер маған ренжімесін»,-деп тоқталды Н. Назарбаев.

«Нәзік жандыларды әрқашан сыйлау керек. Ерлердің мәдениетін әйелге көрсеткен құрметіне қарай өлшеуге болады. Әйелдер көбінесе теңдік үшін күреседі. Өмірде әйелдердің өз рөлі, ал ерлердің өз рөлі бар»,-деп атап өтті Президент.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе