Елордалық студенттер үшін Қазақстан құбыр зауытына көшпелі семинар ұйымдастырылады

АСТАНА. 24 Ағымдағы жылдың 25 мамырында Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін Қазақстан құбыр зауытына көшпелі семинар ұйымдастырылады.Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың қазақстандық орталығы» АҚ-дан хабарлады.

Экскурсияға студенттердің оқытушылары мен коммуналдық кәсіпорындардың мамандары барады.

Зауытта болашақ жылу энергетиктер құбырлардың дайындалу процесімен танысып қана қоймай, жұмыстарға тікелей қатысатын болады.

Семинар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасындағы консорциальдық келісім шеңберінде өткізілмек.

Қазақстан құбыр зауыты - бұл сумен жабдықтауға және кәрізге арналған полимер материалдардан жасалатын құбырлар мен олардың бөлшектерін өндіруге мамандандырылған ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуеті жоғары кәсіпорын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе