ҚР Мемлекеттік хатшысы француздық «Кампус Франс» білім агенттігінің басшысымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға сапары аясында француздық «Кампус Франс» білім агенттігінің директоры Антуан Грассэнмен, «Париж Сорбонна Сите» университеттері қауымдастығының президенті Жан-Ив Мерэндолмен және «Сорбонна-Қазақстан» университетін құрудың бастамашысы, қоғам қайраткері Марек Хальтермен кездесті. Кездесу барысында тараптар университетаралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағы туралы пікір алмасып, француздық ЖОО-ларда білім алып жүрген қазақстандық студенттердің санын арттыру мәселесін де қозғады. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның жоғары оқу орындарында еуропалық менеджмент стандарттарын енгізу бойынша фрнацуздық әріптестерімен өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл кездесу президент Франсуа Олландтың 2014 жылғы Қазақстанға сапарының заңды жалғасы іспетті. Сол кезде біз Францияда оқитын студенттер санын арттыру міндетін қойған едік. Бүгін біз университеттік ықпалдастыққа қатысты көптеген мәселелерді қарастырып, бұл жұмыстардың жалғасатынына үміт артамыз», - деді келіссөз қорытындылары туралы Антуан Грассэн.Сондай-ақ бұл жүздесуде Орталық Азиядағы алғашқы француздық ЖОО - «Сорбонна-Қазақстан» университетінің қызметі туралы айтылып, биыл Парижде екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларының қатысуымен кезекті Университетаралық форум өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе