Ветеринар мамандар дайындауға мемлекеттік білім гранттарын кемінде 2 есе көбейту керек - ғалым пікірі

АСТАНА. 20 сәВетеринар мамандар дайындауға мемлекеттік білім гранттарын кемінде 2 есе көбейту керек. Бұл туралы бүгін елордада «Қазақстан Респубилкасындағы ветеринарияның жағдайы және даму перспективасы» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университеті ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Балғабай Майқанов айтты.

Ғалымның пайымынша, елімізде ветеринар мамандарын  дайындау барысына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бұған осы мамандыққа мемлекеттік тапсырысты арттыру, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы, ихтиология  және ветеринарияның қысқа бағыттарын ашу арқылы оқып жатқан студенттердің мамандықтарын тереңдете оқуына жағдай жасау жатады.

«Ветеринар мамандар нағыз жетіспейтін кезде осы мамандыққа бөлінген мемлекеттік гранттар саны 606 ғана. Осы мамандарға сұраныс артуы үшін мемлекеттік грантты кем дегенде 2 есеге көбейту керек», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе