Астанада регенеративті медицина және тіндік инженерия зертханасы құрылады

АСТАНА. 11 «Назарбаев Университетінің» Өмір туралы ғылымдар орталығының базасында регенеративті медицина және тіндік инженерия, жасушалық технология және биоинженериядан пәнаралық зертхана құрылады, деп хабарлады Өмір туралы ғылымдар орталығының баспасөз қызметі pm.kz сайты үшін.Питтсбург университетінің қатысуымен ұйымдастырылатын аталмыш зертхана американдық уинверситеттің зертханасына ұқсайтын болады. Мұндай ерекше зертхананың болуы Астанаға елдегі халықаралық биотехнологиялық орталық болуға  мүмкіндік береді.

Бұрында айтылғандай, Питтсбург университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының стратегиялық серіктесі болып табылады. Университеттер ынтымақтастығы адипозды діңгекті жасуша, педиатриядағы тіндік инженерия және қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі жалпы жобаларды іске асыруды қолға алмақшы.

Сонымен қатар тіндер регенерациясы мен биореакторлық технологияларда гидродинамикалық қарсылықты төмендету үшін қанда еритін полимерлерді, биополимерлерді және діңгекті жасушаларды қолдану арқылы донор органының перфузиясын іске асыруға арналған жаңа технологияларды құру жөніндегі жобалар әзірленуде.

«Питтсбург университеті сондай-ақ, «Назарбаев Университетінің» Медицина Мектебін құрудағы да серіктесі», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Американдық оқу орнымен ынтымақтасу аясында Орталық Азиядағы жаһандық медицина туралы алғашқы интернет-журнал құрылды. Онда отандық және шетелдік зерттеушілер өз жұмыстарын жариялай алатын болады. Бұл туралы  «Назарбаев Университеті» Өмір туралы ғылымдар орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов pm.kz сайтына берген сұхбатында  айтып өтті.

«Питтсбург университеті «Назарбаев  Университеті» Өмір туралы ғылымдар орталығының стратегиялық серіктесі болып табылады. Ынтымақтастық ғылымүддесіне, білім беру жобаларына қатысты, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелеріне, оның ішінде жаһандық денсаулық саласындағы көптеген сұрақтарға жауап іздейді», - деді орталықтың бас директоры.

«Жаһандық денсаулық сақтаудың Орта Азиялық журналы» деп аталатын басылымның ерекшелігі сол, онда барлық  отандық ғалымдар  өздерінің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін жариялай алады.

«Біз аталған журнал ғалымдарға жаһандық денсаулық сақтаудың көкейкесті мәселелерімен бөлісіп,  ғылыми зерттеулердің деңгейін жоғарылатуға ынталандыратын тиімді шешім табуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп аяқтады сөзін Ж.Жұмаділов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе