Алматыда 4 спорттан оқушылар күш сынасты

Алматыда 5-8 сынып оқушылары арасында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында спорттың төрт түрінен финалдық жарыс өтті, деп .№ 131 мектеп-лицейінде қаланың әр ауданынан келген 250 жуық үздік оқушылар асық ату, шағын футбол, арқан тарту, баскетболдан өзара мықтыны анықтады.

Сонымен қатар, келген қонақтар мен қатысушылар үшін концерт қойылды. Оқушылармен қатар, «Skillerz crew» фристайл тобы мен химиялық крео-шоу ұжымдары өнер көрсетті.

«Бүгін біздің мектепте қаланың ең үздік командалары жиналды. Бұл спорттық шараның біздің білім ордамызда өтіп жатқанына өте қуаныштымын», - деді №131 мектеп-лицейінің директоры Роза Достанова бөлісті.

Жалпыкомандалық есеп бойынша Медеу ауданының оқушылары бірінші орынды иеленсе, екінші орынға Бостандық ауданының командасы жайғасты. Ал үздік үштікті Түрксіб ауданының жеткіншектері түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және кубоктарға ие болды.

«Барлық кезеңдерден өттім. Асық ату біздің ұлттық ойынымыз болғандықтан таңдауым осы спорт түріне түсті. Біз достарымызбен аулада жиі ойнап тұрамыз, менде 250-ге жуық асық бар», - деді №156 мектеп оқушысы Тілеген Нұрмұхамет.

Айта кетер жайт, бұл оқушылар арасындағы спорттық жарыстар ақпан айында басталып, балалар және жасөспірімдердің спортқа деген қызыушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу мақсатында өткізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе