Астаналық оқушылар шахмат шеберімен кездесті

«Кел, жастар, оқылық!» республикалық акциясы шеңберінде «Керуен» СОО шахматтан халықаралық гроссмейстері Динара Сәдуақасова «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, Астана қаласының Білім басқармасы, «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер республикалық ұйымы, Х.С.Омаров атындағы шахмат клубының өкілдерімен және мектеп оқушыларымен кездесті. astana.gov.kz.Акция аясында Динара жас шахматшылар мен қонақтарға бірсеанстық ойын беріп, өз шеберлігімен бөлісті. Үздік ойыншылар Динараның «Шахматтағы алғашқы қадамдар» атты кітабына ие болды. Басылымда Динараның өзіндік тәжірибесі мен ойындағы алғашқы қадамдары, сабақтары берілген болатын. 

Кітаптың еліміздегі шахматтың дамуына елеулі үлес қосары анық. Кітаптардың бір бөлігі Астана қаласының мектептеріне, тағы бір бөлігі Білім министрлігінің көмегімен басқа облыс пен қалалардың білім ұйымдарына берілмек. 

Балалар ойынға қызығушылық танытып, мол тәжірибе жинады. Осындай шеберлік сыныптарының өскелең ұрпаққа тигізер пайдасы көп. Адамдарды шахмат ойнауға тарта отырып, мемлекеттің зияткерлік әлеуетін арттыруға болады. Зияткерлік қоғам құру - мемлекеттік дамудың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Акция соңында балалар гроссмейстердің қолтаңбасын алып, шағын концерт тамашалады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе