Қытай мемлекеттік мұнай университетінде 380 қазақ баласы білім алып жатыр

АСТАНА. 23 Қытайда мұнайшыларды дайындайтын ең үздік жоғары оқу орнында 380 қазақ баласы білім алып жатыр.Мұнда студенттер әлемге танымал ғалымдардан дәріс алып, қара алтын игерудегі заманауи технологияларды меңгеруде. Университеттің оқу ерекшелігіне сәйкес олар күнде 8 сағатын білім алып, ғылыммен айналысуға, ал екі сағатын спортпен шұғылдануға жұмсайды. Талаптың жоғарылығына қарамастан отандастарымыз биылғы оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтап, жоғары шәкіртақыға ие болды.

 Бейжіңнің Чанпин ауданында орналасқан Қытай мемлекеттік мұнай университетін жергілікті халық «Мұнай-газ инжинирингінің алтын бесігі» деп атайды. Іргетасы 1953 жылы қаланған жоғары оқу орнынан осы уақытқа дейін 100 мыңнан астам студент білім алып шықты. Ал 3-4 жылдан бері Қазақстанмен байланыс орнап, 300-дей қазақ баласы осы оқу орнының дипломын алған.

 Қазір мұнда 380 қазақ баласы білім алып жатыр. Бәрі де болашақта елге оралып, ел дамуына өз үлестерін қоспақ, деп хабарлайды 24.kz.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе