Құлаған мектеп орнына жаңасы салынатын болды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 Қызылорда қаласына қарасты Талдыарал ауылында бір жағы құлап қалған мектеп орнына биыл жаңа білім ошағы тұрғызылатын болды.Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметкері Балдырған Мәмен хабарлады.

  Бүгін облыс әкімдігінде өткен Қызылорда қаласын дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  Талдыаралдағы спорт зал жақ беті құлаған мектептің қалған бөлігі де апаттық жағдайда тұрғандығын айта келіп, жаңа мектеп салуға қажетті 371 млн.теңгеге қолдау көрсетуді сұрады. Ол үшін тиісті жоба да дайын.

  Бұл мәселеге байланысты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өз ойын бірден білдірді. Ол аталмыш мектеп құрылысына тиісті қаржы бөлініп, биыл жаңа мектеп салынатынын жеткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе