Елордада баланы шетелдiктердің асырап алуына қатысты мәселелер талқыланады

АСТАНА. 24 24 ақпанда Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігі «Балаларды қорғау және баланы шетелдіктердің асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында Қазақстан заңнамасын қолдау» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.Аталған ведомствоның мәліметінше, семинарға Білім және ғылым, Сыртқы істер, Әділет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласы Ювеналды сотының, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері шақырылды. Сондай-ақ, семинар жұмысына облыстардың, Астана және Алматы қалалары балалардың құқықтарын қорғау қорғау департаменттері, білім басқармаларының қызметкерлері, Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының республикалық кеңесінің  мүшелері, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының, сәбилер үйлерінің басшылары қатысады.Семинарды өткізудің мақсаты - Балаларды қорғау және баланы шетелдiктер асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген жаңа нормалармен таныстыру. 2011 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Конвенция стандарттарын ескере отырып, Әділет министрлігі әзірлеген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды.Кодексті іске асыру мақсатында бірқатар нормативтік құқықтық актілер (агенттіктерді аккредиттеу, балаларды шетелдіктерге асырап алуға беру, балаларды және бала асырап алуға тілек білдірген азаматтарды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру қағидалары және т.б.) әзірленді.Семинар аясында кодексті және оны іске асыру мақсатында әзірленіп, қабылданған нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе