Маңғыстау облысында құны 1 млрд. теңгеден асатын мектеп пайдалануға берілді

АҚТАУ. 2 Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының Қарақия ауданының Жетібай ауылында 624 орынға есептелген жалпы білім беретін жаңа орта мектепті ашты. Салтанатты түрде қызыл лентаны ҚазКСР ұлттық ағарту саласының үздік қызметкері және ардагер ұстаз Жұмабай Қалиев қиды.«Мектеп өнегелі жеке тұлғаны қалыптастыруда негізгі орында, мұнда интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Жалпы білім беретін мекемелердің қабырғасында білуге құмарлық, мейірімділік сияқты қасиеттер дариды. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті - біздің балаларымыздың білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау. Сіздерге техникалық, компьютерлік және ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа мектепте оқу ұнайды деген сенімдемін. Жаңа мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Бұрынғы мектеп ғимараты балалар бақшасы ретінде қайта жасақталады», - деді оқушылар мен ауыл тұрғындарын құттықтаған А. Айдарбаев.

Жаңа мектеп ғимараты 4 блоктан тұрады. Оның үшеуінде оқитын сыныптар, әдістемелік кабинеттер, әкімшілік ғимараттар орналасқан. Төртінші екіқабатты блоктың бірінші қабатында 222 орындық мектеп асханасы, спорт залы, екінші қабатта  208 орынға арналған акт залы мен қорында 20 мың кітабы бар мектеп кітапханасы орналасқан.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе