Ақмола облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

– Бейбіт Жүсіпов Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейбіт Айтымұлы 1961 жылы Зеренді ауданының Қарабұлақ ауылында туған. 1984 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін математика және физика пәнінің мұғалімі ретінде тәмәмдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Зеренді ауданының Қарбұлақ ауылында бастаған. 1984 жылдан бастап, ұзақ жылдары Зеренді және Уәлиханов аудандарында білім саласында еңбек етті. 2001-2013 жылдары Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы, 2013-2014 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды. 2014-2015 жылдары Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2019 жылдары Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе