Қарағанды облысында «Мектепке жол» акциясы басталды

Қарағанды облысының білім басқармасы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының басталуы туралы жариялайды. Және де мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды, ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді және жанашыр жандардың барлығын балаларға мектепке дайындалуға көмектесуге шақырады. Акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл әкімдік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.«1 тамызда дәстүрлі түрде республикамызда жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» акциясы басталады. Ол осымен 10-шы жыл қатарынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-ана қомқорысыз қалған балаларға материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында өткізіліп келеді. Биылғы жылы акция шеңберінде біз 30 мың балаға 300 миллион теңге көлемінде кеңсе тауарлары, мектеп формасын алып беруді жоспарлап отырмыз. Акция басталды, жәнеде Білім басқармасы облысымыздың барлық тұрғындарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларына көмек көрсетуге шақырады», - дейді білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің жетекшісі Назир Жәшібеков.

«Мектепке жол» акциясын ұйымдастырушылар мұқтаж балаларға киімдер мен кеңсе заттарын жинау нүктелерін ұйымдастырып, мектеп жәрмеңкелерін өткізіп, онда төмендетілген бағамен мектеп тауарларын сатуды жоспарлап отыр.

«Бүгін, акцияның бірінші күнінде Қарағанды қалалық білім бөлімінің өкілдері Қазыбек би ауданының 50 балаларына мектеп формаларын, кеңсе заттар мен иық дорбаларын алып берген. Ол демеушілердің көмегінің арқасында мүмкін болып отырған шара.  - 15-16 тамызда біз дәл осындай шараны Октябрь ауданының мектеп оқушыларына да өткізуді көздеп отырмыз»,- деп түсіндірді Қарағанды қаласының білім бөлімі жетекшісінің м.а. Раиса Кенешова. 

Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, өткен жылы Қарағандыда жалпы сомасы 5 млн теңгені құраған 3000 балаға көмек көрсетілді. «Мен «Мектепке жол» акциясына алғысымды айтамын. Ол көптеген жалғыз басты аналарға және көпбалалы отбасыларына өте қатты көмектеседі, себебі көбісі мектеп тауарларын сатып алуға шамалары болмай жатады. Мысалы, маған мектепке үш баланы бірдей жинау қиын. Акцияға қатысатын барлық жандарға рахмет айтамын», - деді көпбалалы ана Анна Тимофеева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе