Мембасқару академиясы Еуразия өңіріндегі басқарушы мектептерді байланыстыратын орынға айналуды көздеп отыр

АСТАНА. 26 сәМемлекеттік басқару академиясы Еуразия аймағындағы басқарушы мектептерді байланыстыратын орынға айналады.Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты ғалымдар мен докторанттар және магистранттар арасында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов айтты.

Оның сөзінше, осы мақсатта биылғы жылдың 23 мамырында Астанада мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару ұлттық мектептері мен институттары ректорларының форумы өтеді.

«Осы жиында біз өзіміздің бағыттарымызды айқындап, оларды талқыға саламыз, әлемдік деңгейдегі жағдайға икемдейтін боламыз. Сондай-ақ әлемнің  жетекші басқарушы оқу орындарының басшыларымен тілдесіп, тәжірибе алмасамыз. Бұл біз үшін өте пайдалы іс болады және академиямызды дамыту ісіне тың серпін береді деген ойдамын. Ол үшін бізде қажетті жағдайлардың бәрі бар»,-деді Б.Әбдірәсілов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе