Алматыда тұңғыш рет «Үшқоңыр» медресе-колледжінің қыздар бөлімінің алғашқы түлектеріне куәлік берілді

- Биыл Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Үшқоңыр» медресе-колледжінің қыздар бөлімін 10 түлек бітіріп шықты. Бұл медресе жанынан қыздар бөлімі 2013 жылы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен ашылған болатын.Бүгін, Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 3 жыл бойы діни және зайырлы білім алып шыққан «Үшқоңыр» медресе-колледжі қыздар бөлімінің алғашқы қарлығаштарына арнайы куәлік табыстады.

Шара барысында Бас мүфти медресе-колледжінің түлектері қолдарына алған куәліктері арқылы басқа да жастар секілді жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыра алатынын айтып, өркениетті елдер сияқты діни білім беру саласының мемлекетпен тығыз байланыста жұмыс жасау керектігін атап өтті.

«Бүгінде Діни басқарма діни білім беру саласында жаңа бет бұрыстар жасады. Соның бірі - медреселеріміз колледж статусын алды. Медреседен білім алып шыққан шәкірт жоғарғы оқу орнына түсе алады және мемлекеттік қызметте заңды түрде жұмыс істей алады. Әлемнің көптеген өркениетті елдерінің діни білім беру саласы мемлекетпен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Өйткені, қай уақытта болмасын діни білімге қоғамның сұранысы болған. Әрі жат ағым мәселесі де өз шешімін табады. Медресе- колледждер қоғамды көркейтуге, иманды, өресі биік жастарды тәрбиелеуге қызмет етеді», - деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы колледж мәртебесі берілген «Үшқоңыр» медресесі 2006 жылы Алматы облысындағы Қарасай орталық мешітінің жанынан ашылған болатын. Бүгінде онда 66 шәкіт білім алады. Ал, биыл діни және зайырлы білім беретін осы оқу орнын 16 ұл және 10 қыз бала бітіріп шықты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе