Қазақстан білім беруді дамыту индексінде көшбасшы елдердің төрттігінде тұр

АСТАНА. 1 Қазақстан  ЮНЕСКО мониторинг жасайтын білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшы елдердің төрттігінде тұр.Бүгін 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Парламент Мәжілісінде «Заңнама және тәжірибедегі қазақстандық балаларды жан-жақты қорғау жолында» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында Мәжіліс төрағасының орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетов осылай мәлім етті.

«Қазақстан балалық шақты адам өмірінің аса маңызды кезеңі ретінде санайды. Дәл осы қағидаттардан баланың қоғамдағы толыққанды өмірін қамту құқығы басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, Қазақстан жыл сайын мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарын арттырып келеді. Және бұл да өзінің нәтижелерін беруде. Мәселен, Қазақстан ЮНЕСКО мониторингі жұмысымен айналысатын білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшы елдердің төрттігінде», - деді вице-спикер.

Оның айтуынша, рейтингтің бұндай жоғары көрсеткішіне еліміздегі  мектепке дейінгі дайындық пен орта білімнің міндеттілігі әрі тегін болуы  зор ықтимал етіп отыр. «Балалар оқуы, олардың баршасына  берілетін білімнің қолжетімді болуы біз үшін қалыпты жағдай секілді көрінуі мүмкін, алайда кейбір елдерде мәселе мүлдем бөлек. Ал экономикасы жеткілікті түрде қуатты бола тұра білім алу мен оның қолжетімділігіне қатысты айтарлықтай проблемалары бар елдер де баршылық», - дейді Бақтықожа Ізмұхамбетов
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе