Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оңтүстік кореялық әріптестерімен телемедицинаны дамытуда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ёнсе университетінің (Оңтүстік Корея) «Кангнам Северанс» клиникасы бірлесе отырып, қазақстандық жоғары оқу орнында алғаш рет жаңа оқу жылынан бастап жұмыс жасайтын диагностикалық орталықтың маңызды құрамдас бөлігі - «U-Health» телемедицина жүйесін онлайн сынақтан өткізді, деп хабарлады уииверситеттің баспасөз қызметі.Бұл диагностикалық орталық кампус аймағындағы жаңадан ашылған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасады.

«U-Health» телемедицина жүйесі емделушіні диагностикадан өткізіп, оның мәліметтерін телекоммуникациялық жабдықтар арқылы «Кангнам Северанс» клиникасының мамандарына жіберіп, онлайн тәртібінде кеңес алуға мүмкіндік береді.

«Кангнам Северанс» клиникасының бас директоры профессор Ким Хенг Джунның айтуынша, «U-Health» жүйесін енгізу және диагностикалық орталықты ашу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы медицина-биология кластерін құру жобасының алғашқы қадамы болмақ. Бүгінгі күнде орталықтың екі маманы «Кангнам Северанс» клиникасында арнайы бағдарлама бойынша оқудан сәтті өтті.

Медицина-биологиялық кластер жобасы 500 орынға арналған заманауи клиниканы, ғылыми-зерттеу зертханасын, сондай-ақ, барлық қажетті инфрақұрылымды қамтиды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе