ҚХР-дың Сиань қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын 700-ге жуық адам атап өтті

Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының Сиань бөлімшесінің белсенділері (KSAC) ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстандық-қытайлық достастық кешін» ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.Іс шара халықаралық «Интеграция» қорының өкілдігі және Сиань қаласының тауарлар сапасын қадағалау жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Оған 700-ден астам адам қатысты. Олардың арасында Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің басшылары мен қызметкерлері Сиань қаласындағы бірқатар ұйым, мекемелердің және жоғары оқу орындарының басшылары мен Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдері бар.  «Конференция өтетін зал 496 адамға лайықталған болатын. Біз зал көрермендерге лық толады деп ойлаған жоқпыз. Концерт кезінде көптеген студенттердің тұрып тұруларына тура келді. Соған қарамастан қалың көпшілік өкілдерінің бірі отырып, бірі түрегеліп тұрып, мерекелік бағдарламаны соңына дейін тамашалады. Кеш барлығына ұнады. Біздің есебіміз бойынша іс-шараға барлығы 700-ге жуық адам қатысты»,-деді KSAC ұйымының Сиань қалалық бөлімшесінің төрағасы, Чанъань университетінің халықаралық қатынастар және сауда факультетінің 4-ші курс студенті Жансерік Тұрсынбек.  

Оның сөзінше, концерттің алдында кейбір студенттердің ата-аналары мен Зарина Алтынбаева, Тамара Асар, Әйгерім Қалабаева, Әсел Сәдуақасова, «МұзАрт» тобы, Венера Нигматулина сияқты қазақстандық әртістер мен эстрада жұлдыздары өкілдерінің сондай-ақ кинорежиссер Аманжол Айтуаровтың, актер Санжар Мәдиевтің, Сиань қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен ұстаздарының, Чунцин, Ухань, Гуанчжоу сияқты қалалардың KSAC бөлімшелері жетекшілерінің қатысуымен бейнеқұттықтаулар көрсетілген болатын. Қытайдың қазақ студенттер бірлестігі өкілдерінен құрылған «Тамаша» тобының биінен соң ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды.  

Осы кештің қатысушылары мен қонақтарын Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің консулдық бөлімшесінің жетекшісі Болат Сырлыбаев пен KSAC ұйымының Сиань қалалық бөлімшесінің төрағасы Жансерік Тұрсынбек және қытайлық қонақтардың бірқатары құттықтады. Мерекелік шара барысында ұлттық киімдерді киініп шыққан шыққан қыздар «шашу» салтын көрсетті. Одан әрі «Атамекен» тобының домбырашылары, композитор Мұрат Шеризатұлы, «Интеграция» халықаралық қоры өкілдігінің бишілер тобы және студент Айзат Қанатова өнер көрсетті. Осы сияқты өзге де мерекелік қойылымдардан соң шараның қатысушылары мен қонақтары студенттер дайындаған палау, бауырсақ және түрлі тәтті тағамдардан дәм татты.

«Мен және менен басқа да бірқатар балалар кештің ұйымдастыру жұмыстарымен айналысқандықтан концертті толық тамашалай алмадық. Бірақ, артынан бүкіл мерекелік бағдарламаның кәсіби түрдегі бейнекөрсетілімін көрдік және біз орындаушылардың жоғары деңгейлеріне тәнті болдық. Біз ай сайын қандай да бір мәдени немесе спорттық іс-шара ұйымдастырып отыруға тырысамыз. Меніңше, осы концерт Синайдағы қазақстандықтар үшін биылғы жылдың ең ірі әрі маңызды шараларының бірі болды»,-деді «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне берген сұхбатында Сиань көлік университетінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алып жатқан Раисям Мурдинова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе