Алматыда «Білім және мансап - 2012» атты қазақстандық халықаралық көрме ашылды

АЛМАТЫ. 18 сәБүгін Алматыдағы Атакент іскерлік орталығында ХІІІ «Білім және мансап - 2012» атты қазақстандық халықаралық көрме ашылды.Үш күнге созылатын бұл шараны Алматы қаласының  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырып отыр. Оған  Қазақстан, Қытай, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Малайзия, Польша, Ресей, Түркия, Швейцария және тағы  басқа да елдердің 120-дан астам білім мекемесі қатысуда.

Дәстүрлі түрде жыл сайын болатын бұл көрме Қазақстан мен алыс-жақын шет елдердің білім мекемелеріне заманауи оқу технологияларын, жаңа оқу бағдарламаларын және оқу құралдарын ұсыну мүмкіндігін беріп келеді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда  қатысушылар саны 30 пайызға ұлғайған.  Бұл жолы оған алғаш рет еліміздің 18 жоғары оқу орны ұлттық стенд қойды. Литваның білім алмасуды қолдау қоры, Корея Республикасынан білім бағдарламалары мен гранттар ұсынатын 23 жоғары оқу орны және кез келген білім мекемесінде орталықтан ақпарат басқарудың аяқталған бағдарламалық-аппараттық шешімін ұсынатын «CAMRAD» компаниясы қатысуда. Онда отандық және шетелдік жоғары оқу орындары әзірлеген инновациялық жобалар, жетекші өндіруші компаниялардың алдыңғы қатарлы оқу жабдықтары.  «1С-Сапа и Слава  ВЦ» компаниялар тобы, «ИнфоСофтПром», «Учтехпрофи Казахстан»,  «Учприбор» ЖШС сияқты танымал компаниялардың стендтерінде түрлі техникалық оқу құралдары ұсынылып отыр. Олар қазақстандық жастарды ірі халықаралық білім бағдарламаларымен таныстырып, ғылыми тәжірибе алмасуға көмектеспек. Көрме күндері келушілерге тұсаукесерлер мен семинарларға қатысу мүмкіндігі беріледі. Олар білім саласының жетекші мамандарынан өздерін қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша кеңес пен нұсқау ала алады.  Сондай-ақ  Ұлттық тестілеу орталығы мектеп, лицей, колледж оқушылары үшін Ұлттық бірыңығай тестілеу бағдарламасы бойынша тегін байқау тестін өткізеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе