ЭКСПО-2017 көрмесіне орай елордада 260 дәрігер ағылшын тілін үйренуде

ЭКСПО-2017 қарсаңында Астананың денсаулық сақтау саласының 260 қызметкері ағылшын тілін оқуда, жалпы 486 дәрігер ағылшын тілін үйренуі тиіс, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми порталы.Қалалық  Тілдерді дамыту басқармасы 2015 жылдың сәуір айынан бері ағылшын тілінен курстар ұйымдастырып келеді.

Өткен жылы Астана қаласының әкімдігі «Астана «EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп көрме қонақтарына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

«ЭКСПО басшылығы көрме аумағында бастапқы медициналық көмек көрсететін жеті пункт пен бір дәрігерлік амбулатория пунктін ашады, соның ішінде ауданы 20 шаршы метр 4 медпункт, ауданы 30 шаршы метр 3 медпункт, ауданы 78 шаршы метрлік 1 амбулатория бар. Көрменің жұмыс істеу уақытына байланысты үш ауысыммен бір дәрігер мен бір мейірбике жұмыс істейді», делінген ақпарда.

ЭКСПО кезінде қонақтар қоныстанған жерлерде тәулік бойы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің бекеттері ұйымдастырылады. Жедел стационарлық медициналық көмек қажеттілігі үшін халықаралық көрме кезінде әрбір ауруханада қосымша 30-50 кереует-орын дайындалады. Сонымен қатар, адамдардың ауруханаға жаппай түсуі жағдайы үшін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша бокстар жасалады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе