Астаналық басшылар бірнеше сағатқа қайтадан оқушы атанды

№1 мектеп-лицейде ерекше сабақ өтті, деп Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің басшылары бүгін маңызды кеңес орнына мектеп сабағына, ресми құжаттар орнына қолдарына жазба дәптер алды. Ал оларға білімді жоғары сынып оқушылары берді. Сабақ әдеттегі кесте бойынша 8:30-да басталды және бірінші сабақ тақырыбы «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбына шығарма жазу. «Бұл сабаққа қуанышпен бардым және балалық шағыма саяхат жасадым. Мен Целиноград қаласында 11 жылдық мектепті тәмамдадым. Маған бастауыш сыныптағы кезімді еске алу өте қызықты, менің алғашқы ұстазым Галина Савельева.  Өте мейрімді жан және өз ісінің шебері. Әттең алғашқы жазған шығармамды білмеймін. Бірақ жазған шығармаларым жыл сайын сыныптан сыныпқа көшіп жүрді, бірде өзімнің шығармаларым жазылған дәптерімді өзімнен 5 жас кіші қарындасымның қолынан көрдім. Ал ол дәптерді қарындасыма мектептегі құрбысы беріпті», - деп өз ойымен бөлісті мәслихат депутаты Мирас Шекенов сабақтан соң. Сондай-ақ, партаға отырған оқушылар қатарында білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин, мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева, «iKomek» орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова, «Астана Конвеншн Бюро» директоры Санияр Айтекенов бар.   «Мен үшін бұл қызықты және үлкен тәжірибе болды. Барлық тапсырма ұқыптылыққа құрылды, соңында біз алғашқы ұстаз, сүйікті педагог туралы шығарма жаздық. Депутаттар мен басқарма басшыларымен танысуға мүмкіндік туды. Мұнда еш қобалжымадым, алдымда жай ғана оқушылар отыр дедім, олар да оқушы болған, олар да біз сияқты партада отырған, өздерінің сүйікті ұстазы мен жақсы көретін пәні болған және әрқайсысы мектеп табалдырығын аттап түлеп ұшқан. Жылына бір рет орындарымызды алмастыруға болады», - дейді бір күндік ұстаз Айбол Құбаев. Айта кетейік, бұл бастама білім басқармасының бастамасымен алғаш рет өтіп отыр. «Осы іске қолдау білдірген әріптестеріме үлкен рахмет. Осы жазылған шығармалар біздің жолымыз мектептен басталғанының белгісі ретінде мектеп қабырғасында қалады», - деді білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе