СҚО-да 2016 жылы екі мектеп пайдалануға беріледі

Солтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2016 жылы екі мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ солтүстік өңірдегі филиалында өткен брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко мәлімдеді."2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында үш нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олар Петропавлдағы 2 мектеп пен бір балабақша. Сондай-ақ Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында 300 орындық мектеп құрылысы басталды. Жекеменшік инвестиция  есебінен Петропавл қаласында  800 орынға арналған 3 балабақшаның құрылысы аяқталуда», - деді В. Бубенко.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе