Алматыдағы білім беру орталықтары қашан ашылады

– Алматыда бүгінгі күннен бастап білім беру орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп тілшісі.

Еліміздегі төтенше жағдай режимінің аяқталуына орай, Алматыдағы білім беру орталықтарының ашылуына рұқсат етілді. Алайда мегаполистегі білім орталықтары жұмыстарын жалғастыруға асықпайды. «Оның себебі бар. Жалпы жекеменшік білім орталықтарындағы қосымша сабақтар мен үйірмелерге келетін балалардың саны жазға қарай азаяды. Бүгінен бастап ашылуға рұқсат берілді. Бірақ, келушілер жоқ. Сондықтан әзірге ашылмаймыз»,– деп хабарлады Diplom.kz орталығы. Алматыдағы Happy Land білім беру орталығыда әлі жұмыс істемейтіндерін жеткізді. «Рұқсат бірілгенін ести салысымен бізге келіп жүрген ата-аналарға хабарластық. Ашылатынымызды жеткіздік. Ата-аналардың басым бөлігі балаларын жіберуге әлі қорқатындарын айтты. Бала саны өте аз. Жұмысты қашан бастайтынымызды нақты ашып айта алмаймыз»,– деп атап өтті Happy Land білім беру орталығының өкілі. Айта кетейік, білім беру орталықтары жұмыстарын бастамас бұрын аудиттен өтуге міндетті. Өтінімдер күн сайын call centre арқылы қабылданады. Аудит өткеннен кейін және оң шешім алғаннан соң infoalmaty.kz сайтында тіркеледі. Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және облыста тұратын қызметкерлерді тіркеуге өтінім осы сайт арқылы беріледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе