Прокуратура жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғайды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 13 Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық прокуратурасы аудандық білім бөлімінде және оған қарасты мемлекеттік мекемелерде2010-2011 жылы  жетім  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту  заңнамалары талаптарының сақталуын тексерді, деп хабарлайды Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары Алмат Абдуллаев.

Жалпы, 2011 жылы аудан көлеміндегі 42 мектепте 15282 (2010 жылы-15512) оқушының 3419-ы (2010 жылы-3752) әлеуметтік қолдауды қажет ететін болса, оның 36-сы (2010 жылы 40-ы) жетім, 24-і (2010 жылы 23-і) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болған.

Тексеру барысында мектептерде Қазақстан Республикасының «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Ережесінің талаптары бұзылғандығы анықталды.

Осы Ереженің 3-тармағында жыл сайын кітапханаларда оқулықтарды қайтарымды негізде тегін пайдалануға - интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың, көп балалы отбасылардың және жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары алатындығы көрсетілген.  

Алайда, 2011 жылға 15 282 оқушыға оның ішінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 369 балаларға 28 192 дана оқулықтар жетіспейтіндігі анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты Жаңақорған аудандық прокуратурасы аудан әкімінің атына кінәлі тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді. Оның қаралу нәтижесінде аудан әкімінің өкімімен аудандық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы С.Айтбаевқа «қатаң сөгіс» жарияланды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе