Мектепке онлайн режимде құжат тапсырғанда өтінімнің мәртебесін тексеруге болады

«Электрондық үкімет» порталында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдауға бұрын берілген өтінімнің мәртебесін тексеру бойынша жаңа сервис іске қосылды, деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.« eGov.kz порталында мектепке дейінгі ұйымдарға құжат тапсыру және қабылдау жөніндегі қызмет кеңінен танымал болады деп ойлаймыз. Сондықтан біз берілген өтініштерді қадағалау процесін қарапайым әрі бәріне түсінікті етуге тырысамыз», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. Қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өту қажет. «Сервистер» бөліміндегі тізімнен «Мектепке өтінім мәртебесін тексеру сервисі» дегенді таңдау қажет. Бұдан әрі, өтініштің бірегей кодын енгізіп, жеке кабинетте, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу керек. Қызмет көрсетудің нәтижесінде құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру және оқу жылының басына орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару немесе қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе