«Нұр Мүбәрак» университетіне жаңа ректор тағайындалды

Қазақстан және Египет Араб Республикасы Қамқорлар Кеңесінің шешімімен Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетіне жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды muftyat.kz.Университетті әйгілі Әл-Азһар университетінде лауазымды қызмет атқарған доктор, профессор Жуда Әбулғани Басюни басқаратын болды. Ол жаңа жұмысына кіріскен күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болды. Дін қайраткерлері діни оқу-ағарту саласын жетілдіру туралы әңгіме өрбітті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе