Ғалым Мұтанов Түркияның мемлекеттік жоғары наградасына ие болды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов ғалым ретіндегі көрнекті еңбегі мен ғылым және білім беру салаларындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін Түркия Республикасының мемлекеттік жоғары наградасына лайықты деп танылды, деп .

Бұл жайында Түркия Парламентінің депутаты Метин Гюндогду Алматыда әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту мерекесінің бастау алған салтанатында айтты. Салтанатты шарада сөз алған түркиялық депутат академик Ғалым Мұтановтың ғылым және білім беру салаларындағы Қазақстан мен Түркия елдері әріптестіктерінің дамуында, екі елдің достық қарым-қатынасының артуында еңбегі зор екенін айтты. Марапат Анкарада Түркия Парламентінде табыс етіледі. «Академик Ғалым Мұтановты біз көрнекті ғалым ретінде білеміз, оның жетекшілігімен ұлы әл-Фараби есімін иеленген Қазақ ұлттық университеті түркі әлемінің үздік университеті болып танылды. Қазақ даласының және түркі әлемінің тумасы, адамзаттың ғұлама ойшылы әл-Фараби мұраларын және ізгілікті идеяларын сақтап, жаңғыртудағы ҚазҰУ-дың орнын ерекше атап өткім келеді», - деді Метин Гюндогду. Мұндай наградамен мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар мен дипломаттар марапатталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе