Мемлекет басшысы Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қорына Назарбаев Университет айналасында жоғары технологиялық-ғылыми өндірістерді шоғырландыру бойынша нақты жоспарлар әзірлеуді жүктеді

АСТАНА. 5   Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қорына Университет айналасында жоғары технологиялық-ғылыми өндірістерді шоғырландыру бойынша нақты жоспарлар әзірлеуді жүктеді.«Назарбаев Университеті интеллектуалды-инновациялық кластерге айналуы тиіс. Бұл үшін не істеу керек? Біріншіден, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, университет айналасынан арнайы экономикалық аймақтар құруды қарастыруымыз керек. Екіншіден, индустриялық-жоғары технологиялық алаңдар құру жұмысын белсенді ете түсу қажет. Ұлттық компаниялар, «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «ҚазҒарыш» университет жанынан қазірдің өзінде ғылыми-өндірістік орталықтар салуда», - деді Н. Назарбаев. Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қорына Университет айналасында жоғары технологиялық-ғылыми өндірістерді, ұлттық компаниялардың салалық-зерттеу институттарын шоғырландыру бойынша нақты жоспарлар әзірлеуді жүктеді.

«Қазақстанда қызмет етіп жатқан шетелдік компаниялар да бұдан сырт қалмауы тиіс», - деді Н. Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе