Жамбылдық 28 мыңнан астам бала «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алады

1 тамызда басталған жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығыына арналып отыр, биылғы жылы ол «Бақытты балалық аумағы» ұранымен өтуде.Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция барысында өңірде барлығы 28 мыңнан астам бала қамтылмақ.

«Акцияның мақсаты  жаңа оқу жылынның басталуына әзірлік кезеңінде тұрмысы нашар, көпбалалы отбасылардан шыққан,, сондай-ақ жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға материалдық және басқалай көмек көрсету болмақ,, - деп мәлім етті баспасөз қызметі. - «Мектепке жол» акциясын өткізудің облыстық жоспары жасалып, бектілді, оның аясында кәсіпкерлер мен меценаттардың қатысуымен қайырымдылық шараларын, ақпараттық науқандар, мектеп жәрмеңкелерін, рейдтер өткізу, мектепке бармай қалған балаларды анықтау мақсатында үйлер мен пәтерлерді, компьютерлік клубтарды, саяжай учаскелерін, шаруа қожалықтарын жәге басқа да әлеуметтік нысандарды аралап шығу жоспарланған».

Облыстың барлық білім бөлімдерінде «шұғыл желі», сондай-ақ «сенім телефондары» жұмыс істейді, оларға көмек пен консультацияға мұқтаж отбасылар жүгіне алады.

2015 жылы «Мектепке жол» акциясын өткізу кезінде тұрмысы нашар, көпбалалы отбасылардан шыққан,  сондай-ақ жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған  28 023 бала 178 млн. 156 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек алды, деп нақтылады облыстық әкімдікте.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе