Астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда Қазақстанның ветеринария саласының өзекті мәселелері талқылануда

АСТАНА. 20 сәБүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан Республикасындағы ветеринарияның қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбындабасталған екікүндік Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандар Қазақстанның ветеринария саласындағы өзекті мәселелерін талқылауда.

Конференцияға алыс және жақын шет елдерден, еліміздің барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ізденушілері, магистранттары қатысты.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев адамзат тіршілігі үшін ветеринария саласының маңыздылығын айта келіп, конференция барысында көтерілетін әрбір мәселе еліміздегі ветеринария саласының дамуына тікелей ықпал ететініне сенім білдірді.

Аталмыш университеттің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Балғабай Майқанов ғалым ретінде Қазақстандағы реформалардың үдерісі мен ветеринариялық қызметтің қалыптасуы, саланың күрделі мәселелері мен оны жетілдіру жөнінде ғылыми талдау жасап, бірқатар ұсыныстарын айтты.

Ал Ресей ауыл шаруашылығы академиясы Сібір бөлімшесінің төрағасы, Ресей Федерациясы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер,  в.ғ.д., профессор А.С.Донченко «Шетелден әкелінген малдың Сібірге жерсінуі мен басының көбеюі» тақырыбын қозғады.

Негізгі бөлімнен кейін конференция жұмысы «Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері», «Жұқпалы емес этиологиядағы ауруларды диагностикалау, емдеу мен алдын алудың қазіргі заманғы басты бағыттары» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы» тақырыптары бойынша үш бағытта жалғасты.

Сондай-ақ іс-шара барысында ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Қадіровтың мұражайы салтанатты түрде ашылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе