Ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті нығайту әскери білімді дамытуға байланысты - Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерін жаһандық қатерге қарсы күштерді біріктіруге шақырды. Бұл туралы Президент бүгін Отан қорғаушы күніне орай өтіп жатқан мерекелік шара барысында айтты.«Жалпыға бірдей бейбітшілік берік әрі сенімді түрде барлық халықтар мен елдерді қорғайды. Сондықтан да Мен халықаралық қоғамдастыққа «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жолдадым. Оны сіздер білесіздер. Бұл өз кезегінде жаһандық соғысқа қарсы күштерді біріктіруге, өзін-өзі жою қатерінен адамзатты құтқаратын шараларды қабылдауға үндеу. Осы мәселе Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығы қарсаңында айрықша өзекті», - деді Президент.

Елбасы ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі ғаламшарға ерекше қатер тудыратынын айта келе, «әрбір адам бұл қауіпті түсінуі тиіс, себебі ядролық қарусыз әлем ғаламшардағы барша адамдардың басты ісі болуда», - деді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық қорғанысты, қауіпсіздікті нығайту көбінесе әскери білімді дамыту, әскерлердің моральды-саяси рухын күшейту мақсаттарына байланысты екенін атап өтті.

Бұл тұрғыда Президент бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қабылдаған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізінде Қарулы Күштердің жеке құрамымен тиісті жұмысты құру маңызды болып табылатынын жеткізді.

«Баршаңызды бейбітшілікті бағалауға, татулық пен тұрақтылықты сақтап, нығайтуға үндеймін. Ұлы Даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болып, тыныштыққа бөлене берсін! Байрағымыз биікте желбіреп, даңқымыз арта берсін!» - деді Н. Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе