Қазақстанда 2081 студент бос білім гранттарының иегері атанды - Білім және ғылым министрлігі

АСТАНА. Қаңтардың  26-сы.   ҚазАқпарат /Гүлнәр  Жандағұлова/ - Қазақстанда   2081   студент      бос білім гранттарының иегері атанды,  деп  .    «Кеше   Гранттарды  тағайындау  жөніндегі  республикалық комиссияның  отырысы  өтті.  Бүгін біз бос білім гранттарын   тағайындаймыз,    2081  студент  гранттарға ие  болады»,  деп  мәлім  етті    Білім және ғылым министрі  Жансейіт  Түймебаев         бүгін  өткен  баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуынша,   өткен   жылдан бері  23 737 студент грант иегері   атанған,  бұл     жалпы мемлекеттік  тапсырыстың     70   пайызын   құрайды.  «Бұл білім алып жатқан   жастарға  мемлекет   тарапынан     қолдау көрсетудің  бұрын-соңды болмаған оқиғасы»,     дейді    ол.

Бос    білім гранттары    ақылы  бөлімдердің студенттеріне,  олардың  үлгерімдері мен әлеуметтік   мәртебелеріне   қарап,  конкурстық негізде    тағайындалып  отыр.

Грантқа ие  болғандардың 763-і  -  жетім   студенттер, мүгедектер,  көп балалы,  толық емес  және тұрмысы төмен отбасылардың балалары.    Сондай-ақ  бұл  тізімге     ата-аналары  зейнеткер немесе  мүгедек    жастар   да кіреді. 

Айта кету керек, 2009     жылы  қосымша    және бос білім гранттарына  21 656 студент  ауыстырылды,   бұл  жыл   сайынғы мемлекеттік білім  тапсырысының    62 пайызын құрайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе